
Атыраулық Сұлтан Сәрсемәлиев тағылған айыпты ішінара мойындады, деп хабарлайды KursivMedia.
Ол қайын жұртындағы төрт адамды өлтірді, ұрлық және алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.
Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпқа келіспеді. Сөзінше, мұндай әрекетке өзін қорғау үшін барған. Бұл жағдай абайсызда болғанын айтты.
Сондай-ақ қайын атасы Мақсот Қарабалинді 9 рет, Нәсіп Өтешқалиеваны 8 рет пышақтағанын, осылайша екеуін қасақана өлтіргенін мойындады.
Ал қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтаған.
Сәрсемәлиев қылмыстық кодекстің 13 бабы бойынша айыпталып отыр. Ішінде тек Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпқа келіспеді.