
Алдағы бес жылда әлемде ауа температурасы көтеріледі. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ақпаратына сәйкес, орташа температура рекордтық деңгейге жетуі мүмкін.
Жылдық және онжылдық болжамға сәйкес, 2026-2030 жылдары ауа температурасы 1850-1900 жылдардағы орташа көрсеткіштен 1,3-1,9 °C жоғары болады.
2026-2030 жылдар аралығындағы кемінде бір жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы әбден мүмкін.
Мұндай болжамды доктор Леон Хермансон жасаған. Оның сөзінше, 2026 жылдың соңына қарай Эль-Ниньо құбылысы болжанып отыр. Бұл 2027 жылдың ыстық болу ықтималдығын арттырады.
Эль-Ниньо құбылысы – Тынық мұхиттың шығыс аудандарындағы су бетінің біршама жылынуы, шамамен Фаренгейт бойынша 1-3 градус.
Айта кетейік, «Қазгидромет» маусымда 12 өңірде құрғақшылық қаупі жоғары болатынын ескертті.