Жаңалықтар

Аргентина 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына баратын құрамын жариялады

фото: FIFA

Футболдан әлем чемпиондары Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы Әлем біріншілігіне баратын 26 футболшыдан тұратын ресми тізімді жариялады. Бұл ақпаратты танымал инсайдер Фабрицио Романо да парақшасында бөлісті.

«Альбиселесте» биылғы турнирде атағын қорғап қана қоймай, қатарынан екінші рет әлем кубогын иеленуді көздейді.

Месси тарихқа енбек

Құраманың басты жаңалығы әрі көшбасшысы – Лионель Месси. Жақында алған жеңіл жарақатына байланысты оның турнирге қатысу-қатыспауы белгісіз болып еді, алайда 38 жастағы капитан сапқа қосылды. Мессидің мансабындағы алтыншы Әлем чемпионаты болмақ, бұл – футбол тарихындағы абсолютті рекорд.

Сонымен қатар, құрамда Анхель Ди Мария, Пауло Дибала және Алехандро Гарначо сияқты бірқатар танымал ойыншылар жоқ. Олардың орнына Валентин Барко, Нико Пас және Джулиано Симеоне секілді жас таланттар шақырту алған.

Әлем чемпионатына баратын толық құрам:

Қақпашылар:

  • Эмилиано Мартинес (Астон Вилла)
  • Херонимо Рульи (Марсель)
  • Хуан Муссо (Атлетико Мадрид)

Қорғаушылар:

  • Леандро Балерди (Марсель)
  • Николас Тальяфико (Лион)
  • Гонсало Монтиель (Ривер Плейт)
  • Лисандро Мартинес (Манчестер Юнайтед)
  • Кристиан Ромеро (Тоттенхэм)
  • Николас Отаменди (Бенфика)
  • Факундо Медина (Марсель)
  • Науэль Молина (Атлетико Мадрид)

Жартылай қорғаушылар:

  • Леандро Паредес (Бока Хуниорс)
  • Родриго Де Пауль (Интер Майами)
  • Валентин Барко (Страсбур)
  • Джовани Ло Чельсо (Реал Бетис)
  • Эксекиэль Паласиос (Байер Леверкузен)
  • Алексис Мак Аллистер (Ливерпуль)
  • Энцо Фернандес (Челси)

Шабуылшылар:

  • Хулиан Альварес (Атлетико Мадрид)
  • Лионель Месси (Интер Майами)
  • Николас Гонсалес (Атлетико Мадрид)
  • Тьяго Альмада (Атлетико Мадрид)
  • Джулиано Симеоне (Атлетико Мадрид)
  • Нико Пас (Комо)
  • Лаутаро Мартинес (Интер Милан)

Аргентина құрамасы турнирдің «J» тобында Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен бірге өнер көрсетеді. Олардың алғашқы матчы 16 маусымда Алжирге қарсы өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлем чемпионатына алғаш рет қатысатын Өзбекстан құрамасы ойыншылардың тізімін жариялаған еді.