
Қашағандағы жөндеу жұмыстарының уақыты кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі ЕАЭО форумы кулуарында хабарлады деп жазады Қазақпарат.
«Иә, біз жөндеу жұмысының уақытын кейінге қалдыру туралы мәселені қарастырып жатырмыз»,- деді ол журналистерге.
Бұған дейін Қашаған операторы NCOC бірінші маусымнан бастап мұнай өндіру бойынша зауыттың және теңіздегі өндіріс нысандарының жұмысын тоқтатады деп хабарланған. Кен орнына жөндеу жұмысын жүргізбекші. Шара 30 күнге созылуы мүмкін.
Reuters дерегінше, жөндеу жұмысы болып жатқанда КҚК мұнай экспортын 17% қысқартпақшы.