Жаңалықтар

«Тредс кімдікі?»: ММА жұлдызы Showtime Алматыға келе жатыр

ММА жұлдызы Энтони Петтис немесе Showtime
фото: Instagram/showtimepettis

Көпшілікке Showtime лақап атымен танымал Энтони Петтис Алматы қаласына келе жатыр. ММА жұлдызы Threads әлеуметтік желісіне қазақша жазып, дәмді ет жейтін орын іздеді.

Қонақжай халықтың тілін тапты

Америкалық атлет жергілікті халықтың көңілінен қалай шығу керектігін біледі екен.

«Тредс қазақтардікі дейді ғой? Рас па? Алматыға жолға шығып жатырмыз. Ең дәмді беш қайда жесек болады?» – деп сұрады Showtime.

Аз уақыттың ішінде оның қазақша жазбасын 10 мыңнан астам адам ұнатып, жүздеген адам пікір жазды. Әлдетте, қонақжай қазақтар Энтониді етке шақырып жатыр.

Showtime қазақша жазып, ет жейтін орын сұрайды
Threads әлеуметтік желісінен скриншот

Боранбаевқа қарсы шығады

Энтони Петтис 6 маусымда Әділ Боранбаевпен жекпе-жек өткізеді. Оны Orda Global Fights ұйымдастырады. ММА мерекесі Алматы Аренада өтеді.

Ұйымдастырушылар кештің басты жекпе-жегін «шоу мен күш иесінің арпалысы» деп сипаттады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін украин әншісі Лобода Thraeds-те қазақша жазып, қазақ етін жоғары бағалайтын қонақжай халықтың тәбетін бірден оятқан еді.

Ал 2025 жылғы күзде «Интер» футбол клубы әлеуметтік желіде қазақша сөйлеп, жергілікті аудиторияны бірден жаулап алған.