Жаңалықтар

Астанада Сауран көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады

Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Астанада Сауран көшесінің Алматы және Керей мен Жәнібек хандар көшелерімен қиылысатын аралығы бір айға жабылады.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 1–30 маусым аралығында бұл учаскеде инженерлік желілерді орнату жұмыстары жүргізілетіндіктен, көлік қозғалысы толық шектеледі.

Фото: Астана әкімдігі

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз«, –  делінген хабарламада.

Осыған дейін әкімдік Кенесары көшесінің бір бөлігі жабылатынын хабарлаған болатын.