Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді әуежайдан шығарып салды

фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшыларының қоштасу рәсімі елорда әуежайында жоғары деңгейде өтті. Сапар аясында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды келіссөздер жүргізілген еді.

Айта кетейік, Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен ағымдағы жылдың 27 мамыры күні ұшып келген еді. Үш күндік ресми сапар барысында тараптар бір қатар келісімдерге қол қойды.

Сондай-ақ, 29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес оты өткен еді.