
LRT ашылған сәттен бастап екі апта ішінде жеңіл рельсті көлікті 1 млн адам қолданған. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жазды.
«Күн сайын жолаушылар саны шамамен 65-75 мың адамды құрайды. Бұл көрсеткіш қалалық рельсті көліктің жаңа түрі елорда тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді», – деп жазды Қасымбек.
Айтуынша, LRT-ның Қосшы бағыты бойынша екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталды.
16 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты.