
Бас прокуратура 2006 жылы топ болып қарақшылық жасаған Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жүргізілген тергеудің нәтижесінде күдікті 2006 жылы Павлодарда топ болып қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып, қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің мүлкін ұрлағаны анықталды.
«Күдіктіні қоспағанда оның басқа сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ол қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған», – делінген хабарламада.
2025 жылғы қыркүйекте ол Новосібір облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұған дейін басшысынан 230 мың доллар жымқырған есепші Грекиядан Қазақстанға жеткізілгенін жазған едік.