
Threads желісінде 1990 жылы туған Алматы тұрғыны саналы түрде есімін өзгерту туралы шешім қабылдап, оны заңды түрде рәсімдегенін мәлімдеді.
Келіншек желідегі парақшасында жаңа туу туралы куәлігінің суретін жариялап, есімін Барселонаға ауыстырғанын айтты.
«Иә, мен 36 жасымда есімімді ауыстырдым. Айтолқыннан Барселонаға» деп жазды ол.
Ресми құжат суретіне сүйенсек, кейіпкердің жаңа аты-жөні – Айханова Барселона Қадірсейітовна. Барселонаның айтуынша, оның атасы немерелерінің атын Олимпиада ойындарының құрметіне қойған. Барселонаның Сеул есімді ағасы, Сидней мен Токио есімді іні, қарындастары бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Конституция мен Құрылтай ерекше есімді қанша адам бар екенін жазған едік.