Жаңалықтар

Алматыда 2 мың жас еңбек жасағына қабылданады

Алматы қаласының еңбек жасағы
Еңбек жасағындағы жастар / фото: gov.kz

Алматы қаласында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағының жаңа маусымы басталды. Биыл 2100 жас пен жасөспірім жұмыспен қамтылады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір Алматыда жастар саны 769 мыңнан асады. Оның ішінде 472,8 мыңы жұмыс істейді. Қалада 307,8 мыңнан астам студент, шамамен 80 мың жоғары сынып оқушысы бар.

«Жасыл ел» жобасы 2005 жылдан бері жүзеге асып келеді. Бағдарлама экология мәдениетін қалыптастыруды, еңбекке баулуды, жастарды қоғамдық пайдалы жұмысқа тартуды көздейді.

Жобаға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Еңбек жасағы 2 маусымда салтанатты түрде ашылып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Алматы облысындағы оқушылар мен студенттер жазғы демалыста 350 мың теңге табыс таба алады.