
«Алматы Су» мекемесі қала суық су желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты кей аудандарда сумен жабдықтау уақытша шектелетінін хабарлады.
2 маусым күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Абай даңғылы – Тұрғұт Озал көшесі – Қарасай батыр көшесі – Сайран көлі аумағында орналасқан тұтынушыларға су беру шектеледі.
4 маусым күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Райымбек даңғылы – Немирович-Данченко көшесі – Рысқұлов даңғылы – Крылов көшесі аумағындағы тұтынушылардың суы өшіріледі.
Алматы су тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон 8-727-274-66-66 нөміріне хабарласуға болады.