Жаңалықтар

Үздік оқыған оқушылар Ақордада қонақ болды

фото: Ақорда

Халықаралық балалар күніне орай елдің әр өңірінен жиналған 100 оқушы Ақордада қонақ болды. Олар президент резиденциясында арнайы экскурсия жасады.

Арнайы шақырған оқушылар арасында пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары бар.

фото: Ақорда
фото: Ақорда
фото: Ақорда

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы баяндалып, арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді. Балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

фото: Ақорда
фото: Ақорда

Бұған дейін, Тоқаев балаларды қорғау күнімен құттықтаған еді.

Еске салайық, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. 

Мерекеде Астана мен Алматыда бірқатар іс-шаралар өтеді.