
Бейжің инвестицияны шетелге шығару тәртібін қатайтып жатыр. Қытай үкіметінің тиісті қаулысы 1 маусымда жарияланды.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап инвесторларға шектеуі бар тауарларды, технологияларды, қызметтер мен мәліметтерді шетелге шығаруға тыйым салынады. Компаниялар осы тауарларды экспорттау мақсатында оқыта алмайды.
Бейжің мұндай тәртіпті ұлттық қауіпсіздік мақсатында енгізіп отыр.
Тәртіп бұзғандарға инвестиция көлемінің 1%-ына дейін айыппұл салынып, операцияны тоқтатуды сұрауы мүмкін.
Кейінгі жылдары Қытай компаниялары әлем елдеріне қаржы құюды ұлғайтты. Өйткені ішкі нарықта бәсеке күшейіп кетті.
Қытай Қазақстан экономикасына да көп қаржы құйып жатыр. Қазір елде қытай капиталының қатысуымен 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Көрші елдің Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 29 млрд доллардан асқан.