
Қазақстан мен Қырғызстан Ішкі істер министрліктерінің арнайы операция өткізіп, апиын тобына жататын есірткі заттарын тасымалдаудың халықаралық желісіне тосқауыл қойылды.
Арнайы операция Шымкентте өтіп, Қазақстанның екі азаматы ұсталды. Олардан 5 келі ауғандық апиын есірткі заты тәркіленді.
«Қазіргі уақытта олардың әрекеттеріне есірткі контрабандасы және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу белгілері бойынша қосымша құқықтық баға беру мәселесі қарастырылуда», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Аталған факті бойынша тергеу басталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін Ақтау әуежайында шетелдік азаматтың 1 келі апиынмен ұсталғанын жазған едік.