Жаңалықтар

Жетісу облысы аумағында жер сілкінді

жер сілкінісі Рихтер шкаласы
Текелі қаласына жақын маңда жер сілкінді / фото: shutterstock

1 маусымда Жетісу облысы аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлайды.

Елдегі сейсмикалық станциялар Жетісу өңіріндегі жерасты дүмпуін дүйсенбі күні Астана уақытымен сағат 10:56-да тіркеген. Дүмпу ошағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан.

Мамандар жер сілкінісінің магнитудасын 3,8 балл екенін анықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусымда Павлодар облысы аумағында жер сілкінген. Оның магнитудасы 5 балл болған.