
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин ҰҚК департаментіне жауап алуға жеткізілді.
Ақ Жайық ақпаратына қарағанда, бүгін Атырау облыстық әкімдігінде өтетін жиын алдында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Атырау қаласының әкімін жауап алуға алып кеткен.
Басылымның мәліметінше, шенеунік қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттеріне қатысу үшін жеткізілген. Алайда істің мән-жайы мен әкімнің процессуалдық мәртебесі әзірге белгісіз.
Бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны хабарланған болатын.
Материал жарияланған сәтте Атырау облыстық ҰҚК департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және облыс әкімдігі тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.
Алайда жауап алу аяқталған соң Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин үйіне жіберілгені анықталды.
Дегенмен оның процессуалдық мәртебесі мен жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ. Құзырлы органдардың түсініктемесі күтілуде.
Айта кететін жайт, былтыр бірқатар лауазымды қызметкерлер ұсталған болатын. Бес шулы іс қаралды.