
Атырауда түнгі рейд барысында ата-анасының қарауынсыз жүрен 30 жасөспірім анықталды.
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, полиция қызметкерлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды тәулік бойы күшейткен.
«Рейд нәтижесінде бір тәулік ішінде түнгі мезгілде заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүрген 30 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары мен заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.
Жаз мезгілі басталған тұста ювеналдық полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысы мен бос уақытын жіті бақылауда ұстаудың маңызын ескерткен.
Себебі жыныстық қолсұғушылық, төбелес, бұзақылық, буллинг және басқа да құқық бұзушылықтарға түрткі болатын жағдайлар көбіне түнгі уақытта орын алады.
Тәртіп сақшылары мұндай профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастыра бермек.
Айта кететін жайт, Алматыда жасөспірімдер болғаны үшін ойын клубы уақытша жабылды.