Қоғам

Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі құдасымен не себепті араласпай кеткенін айтты

Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сұлтан Сәрсемәлиев соты жалғасып жатыр/фото: Нұрсұлтан Нұрсейіт

Атырауда төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 2026 жылдың 2 маусымындағы сотта куәлерден жауап алынды. Сот залында қайтыс болған Қарабалиндер мен сотталушы Сәрсемәлиевтің туыстары отыр. Арасында сотталушының әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев те бар.

Жергілікті тілші Жанат Молдашева сот залынан тікелей эфирге шықты. Сол жерде Самиғолла Сәрсемәлиев болған жайтқа әлі де сене алмай жүргенін айтқан.

Тілші «Құдаларыңызбен 2022 жылдан бері араласпаған екенсіз. Екеуі ажырасқаннан кейін (құдаларыңызды) көрген жоқсыз ба?» деп сұраған.

«Көрген жоқпын. Аралас-құралас… келіп-кетіп жүрді ғой. Ол жерде қатынасты құданың өзі үзіп тастады. Өзі келіп, қызымды бөлек шығарамын деді», – дейді Самиғолла Сәрсемәлиев.

Ол келіні Ақбаянды жақсы не жаман келін деп те атамады.  

«Босанғаннан кейін ауырып жатты. Үйдің ішінде жүреді, тамағын ішеді, ұйықтайды, тұрады. Балаларымен қарым-қатынасы жоқ», – дейді ер адам.

Бұған дейін Қарабалиндердің туысы сотталушының отбасы көңіл айтып, кешірім сұрап бармағанын айтты. Самиғолла Сәрсемәлиев «Сол кезде белгісіз болды, (ұлым) күдікті болды. Енді белгілі болып жатыр. Куә кісілер жауап беріп жатыр» деп жауап берді.

Айта кетейік, Самиғолла Сәрсемалиев сотқа куә ретінде қатысты.

«Төртінші немерем дүниеге келмей тұрып үш немерем қолымда тұрды. Кейін балалар қалаға көшіп кетті. Ұлым мен келінім соңына дейін бірге тұрды. Айғай-шу мүлде болмады. Мұндай адам сенгісіз жағдай болады деп ойламадым. Құдалармен болған жанжалды тергеу кезде ғана естідім», – дейді әкесі.

Сұлтан Сәрсемәлиев әкесінен жауап алынып жатқан кезде басын көтермей, көз жасына ерік берді