Lifestyle

«Алға, Қазақстан!»: Энрике Иглесиас қазақша сөйлейді (видео)

Әнші Энрике Иглесиас
Испан әншісі Энрике Иглесиастың бүкіл әлемде жанкүйерлері көп / фото: Facebook/Enrique Iglesias

2026 жылғы қыркүйектің басында Қазақстанға келетін әнші Энрике Иглесиас қазақша сөйлеп, жанкүйерлерін концертке шақырды. Әзірге ол «Алға, Қазақстан!» деген ұранды ғана біледі.

Әлемге танымал эстрада жұлдызы Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанада, ал 5 қыркүйекте Алматыда концерт береді. Қазір испан әншісі әлемдік туры аясында түрлі елдерде концерт беріп жүр. Ол биыл Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерін аралайды. Ал күзде Қазақстанға келеді.

Поп-жұлдыздың Астана мен Алматыдағы шоуға қазірдің өзінде дайындалып жүргені анық байқалды. Өйткені ол қазақша сөйлей бастады.

Әзірге Энрикенің қазақшасы екі ауыз сөз ғана, бірақ оның күзге дейін сөздік қорын байыта түсуге мүмкіндігі бар.

Қазақстандағы жанкүйерлерімен қазақша тілдескен жалғыз Иглесиес қана емес. Жақында ғана бүкіл әлемге танымал ММА жұлдызы Showtime жергілікті жанкүйерлерімен қазақша тілдескен. Ол да Алматыға келе жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін украин әншісі Лобода Thraeds-те қазақша жазып, қазақ етін жоғары бағалайтын қонақжай халықтың тәбетін бірден оятқан еді.

Ал 2025 жылғы күзде «Интер» футбол клубы әлеуметтік желіде қазақша сөйлеп, жергілікті аудиторияны бірден жаулап алған