Жаңалықтар

Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестеге Батыр есімі берілді

Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестеге Батыр есімі берілді
Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестеге Батыр есімі берілді/ Фото: ЖИ

Ақтөбеде қоқыста пакет ішінен табылған нәрестені сәбилер үйіне ауыстыруға дайындап жатыр. Қазіргі уақытта ол балалар ауруханасында жатыр. Сәбиге Батыр есімі берлілді.

«КТК» телеарнасының жазуынша, ауруханаға түскен кезде оның салмағы 2 килограмм 900 грамм болған, ал бүгінде 3 килограмнан асты.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы әлі де орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланып отыр.

Баланың анасы әлі табылған жоқ. Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақованың сөзінше, барлық қажетті процедуралар аяқталғаннан кейін бала «Үміт» сәбилер үйіне жіберіледі.

Еске сала кетейік, осыдан 10 күн бұрын қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды. Сәбиді сол маңнан өтіп бара жатқандар байқап, полиция шақырған.