
Астана қаласының Сарайшық ауданында Жүргенов көшесіндегі 10 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан өрт шықты. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барды.
ТЖМ мәліметінше, 7-қабаттың балконында жеке заттар жанған. Жалын бірте-бірте 8-қабаттың балконына таралған.
«Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері өртті шағын аумақта жедел сөндіріп, жалынның пәтер ішіне таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін тұрғындар өздігінен эвакуацияланды», – делінген хабарламада.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Астана қаласындағы балалар ауруханасының ғимаратынан өрт шыққан еді.