Жаңалықтар

Иран әскері АҚШ нысандарына соққы жасады

фото: видеодан кадр
фото: видеодан кадр

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың бір күн бұрын жасаған шабуылдарына қарымта жауап берді.

Таяу Шығыстағы АҚШ-тың нысандары мен сауда кемесіне зымырандар мен ұшқышсыз аппараттар арқылы соққы берген. Бұл туралы PressTV телеарнасы хабарлады.

Иран әскері АҚШ-пен байланысты Panaya сауда кемесіне кемеге қарсы зымыранмен соққы жасаған. Сонымен қатар АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші жедел флотының басқару орталығы мен Таяу Шығыстағы америкалық әскери базалардың бірі нысанаға алынған.

Иран мұны АҚШ-тың Кешм аралы мен Иранмен байланысты танкерге жасаған шабуылдарына жауап деп түсіндірді. Ормұз бұғазындағы қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда америкалық әскерилерге қатаң жауап берілетінін ескертті.

25 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп жанжалдасушы тараптар әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі өтетін Ормұз бұғазын қайта ашуға мүмкіндік беретін меморандумға келісті деп мәлімдеген еді.