Экономика

Мобильді аударымдарды тексеру: айыппұл салына ма

Мобильді аударымдарға тексеріс / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтуынша, салық органдары алғашқы жартыжылдықтың мәліметтерін алып, оларды толық өңдеп біткен.

Вице-министр Біржановтың айтуынша қазіргі уақытта салықтан жалтару қаупі бар, яғни күдікті аударымдарды көп қабылдаған азаматтарға арнайы ескерту хабарламалары жіберіле бастаған. Бірінші кезеңде мұндай хабарламалар жеке тұлғалар мен резидент еместерге жіберілсе, жеке кәсіпкерлерге (ЖК) тиісті ескертулер «Салық төлеушінің кабинеті» жүйесі арқылы жолдануда.

Айыппұлдар және «сервистік модель»

Ең маңызды жаңалықтардың бірі – бүгінгі күнге дейін бірде-бір жеке тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге мобильді аударымдар үшін айыппұл салынбаған. Үкімет бірден жазалауды емес, халыққа түсіндіруге бағытталған «сервистік модельді» ұстанып отыр. Яғни, мемлекет кәсіпкерлерге олардың табыстарын бақылап отырғанын ескертіп, алдағы уақытта декларация тапсырған кезде осы сомаларды жасырмай, толық қосып көрсетуге мүмкіндік беруде. Ал егер азамат кәсіпкер ретінде мүлдем тіркелмеген болса, оған қатесін түзеп, заңды түрде тіркелуге уақыт беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін мобильді аударымдарды қалай заңдастыруға болатынын жазған болатынбыз.