
Қазақстандықтар ЖИ-ді көбіне кеңес алуға немесе мәтін өңдеу үшін қолданады екен. Бұл туралы ЖИ министрлігінің сайтында жазылған.
Нақты айтқанда:
- практикалық нұсқаулықтар алу (32,8%)
- мәтіндерді жазу және өңдеу (25%)
- ақпарат іздеу (18%) үшін пайдаланады
Хабарламалардың 42%-дан астамы сұрақ немесе ақпарат тауып беру туралы сұраныс негізінде қалыптастырылады. Шамамен 32%-ы белгілі бір тапсырманы орындауға бағытталған.
ЖИ-ді негізінен жастар белсенді қолданады екен. Барлық сұраныстардың 72%-ы 18 бен 34 жас аралығындағы пайдаланушыларға тиесілі. Оның ішінде 18–24 жастағылар хабарламалардың 36,2%-ын жолдаса, 25–34 жастағы топ 35,8%-ын құрап, олардан сәл ғана қалыс қалып тұр.
Қолдану мақсаттарына келсек, ең жас буын көбіне мәтін мен мультимедиаға басымдық берсе, 25 жастан асқандар технологияны техникалық мәселелерді шешу құралы ретінде көреді.
ЖИ-ді енгізу бойынша Қазақстан Орталық Азияның басқа елдерінен алға шығып, отыздыққа енді. Қырғызстан 52-орында, ал Өзбекстан жан басына шаққандағы ChatGPT-ді пайдалану бойынша әлемдік рейтингте 58-орынға ие болды.
Айта кетейік, OpenAI қазақстандық 165 мың педагогке ChatGPT Edu лицензияларын ұсынған. Үш жыл ішінде тағы 235 мыңнан астам студент 503,7 мыңнан аса сертификат алған.