
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында оқушының денесі табылды. Бұл туралы өңірлік «Мой город» порталы жазды.
Басылымның мәліметінше, 2 маусымда құқық қорғау органдары аудан кенттерінің бірінде кәмелетке толмаған баланың денесі табылғанын хабарлаған. Оқушы өз-өзіне қол жұмсады деген болжам бар.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Баланың өлім себептері мен мән-жайы анықталуда. Полиция тергеу мүддесі үшін өзге ақпаратты жарияламайды.
Батыс Қазақстанда оқушылар мінген автобустың қатысуымен болған жол апатынан жиырмадан астам бала зардап шекті. Теректі ауданы Подстепное кентінде қоғамдық көлік пен оқушыларды таситын автобус соқтығысқан еді.