Қоғам

Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі «Достық» орденін берді

Кипр президенті Қазақстанға алғаш рет келіп отыр/фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Ақорданың хабарлауынша, бұл – Кипр президентінің Қазақстанға алғашқы сапары.

Осы орайда Тоқаев Никос Христодулидистің екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаған.

«Қазақстандықтар Сізді айнымас дос әрі халықаралық деңгейдегі беделді мемлекеттік қайраткер ретінде таниды. Белсенді қызметіңіздің арқасында өзара сенім, саяси диалог және ынтымақтастығымыз нығая түсті. Ортақ күш-жігер арқылы қарым-қатынасымызға тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз деп сенемін», – деген Тоқаев.

«Достық» ордені Қазақстан мен Кипр арасындағы сенім мен серіктестікті сипаттайтынын айтқан.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.