Жаңалықтар

Түркия ұлттық құрамасын Әлем чемпионатына ерекше сән-салтанатпен шығарып салды

Фото: Түркия футбол федерациясы

Түркияның футболдан ұлттық құрамасы АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтетін 2026 жылғы FIFA Әлем кубогында бақ сынау үшін жолға шықты.

Ыстанбұл көшелеріндегі шеру

Әлем чемпионатына дайындық аясында Солтүстік Македония құрамасын 4:0 есебімен ойсырата жеңген түрік футболшылары Ривадағы Хасан Доған атындағы ұлттық құрама базасында оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

Команданы шығарып салуға ұлттық құраманың бас демеушісі – Түркияның отандық Togg электромобиль бренді ерекше қолдау көрсетті. Түрік туларымен безендірілген ондаған Togg ақылды көліктерінен құралған алып автокеруен футболшылар мінген автобусты әуежайға дейін шығарып салды.

Әлем чемпионатына баратын құрам

Бас бапкер дүниежүзілік додаға қатысатын 26 футболшыдан тұратын құрамды жариялады.

 Қақпашылар: Мерт Гюнок («Фенербахче»), Алтай Байындыр («Манчестер Юнайтед»), Угурджан Чакыр («Галатасарай»).

 Қорғаушылар: Озан Кабак («Хоффенхайм»), Чаглар Сеюнджю («Фенербахче»), Эврен Эльмали («Галатасарай»), Зеки Челик («Рома»), Ферди Кадыоглу («Брайтон»), Мерих Демирал («Аль-Ахли»), Абдюлькерим Бардакджи («Галатасарай»), Мерт Мюльдюр («Фенербахче»), Самет Акайдин («Ризеспор»).

 Жартылай қорғаушылар: Салих Озджан («Боруссия» Дортмунд), Хакан Чалханоглу («Интер»), Исмаил Юксек («Фенербахче»), Каан Айхан («Галатасарай»), Оркун Кекчю («Бешикташ»).

 Шабуылшылар: Барыш Йылмаз («Галатасарай»), Арда Гюлер («Реал»), Джан Узун («Айнтрахт»), Дениз Гюль («Порту»), Ирфан Кахведжи («Касымпаша»), Керем Актюркоглу («Фенербахче»), Огуз Айдын («Фенербахче»), Кенан Йылдыз («Ювентус»), Юнус Акгюн («Галатасарай»).

Түркия құрамасы топтық кезеңде турнирдің қожайындары АҚШ және Парагвай мен Аустралияға қарсы ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасы ойыншылардың тізімін жариялаған еді.