Қоғам

Алматылық блогер әкесінен көрген зорлық туралы айтты

Бойжеткен желіде видео жариялаған/фото: скриншот

Әлеуметтік желіде Леля Берг атымен белгілі алматылық блогер Элеонора бала күнінде әкесінен зорлық көргенін айтты. Сөзінше, әкесі мұндай әрекетке қыз 6-9 жаста болғанда барған.

Блогер әкесімен әңгімені жариялағаннан кейін жағдай қызу талқылана бастады. Телефон арқылы сөйлескен кезде қыз басынан өткен жағдай өмірі мен психологиясына қалай әсер еткені туралы айтқан. Ер адам тағылған айыпты жоққа шығарып, не туралы айтып жатқанын түсінбеген.

Қыз: сен мені мәжбүрледің, әке, мұны ойдан құрап отырған жоқпын

Әкесі: мені қаматқың келіп тұр ма?

Қыз: маған тиіскенің үшін сені қаматамын

Элеонораның сөзінше, бұл жағдайды көп жыл ешкімге айтпаған, жақын туыстарының жағдайын ойлаған.   

«Бұл туралы біреу білсе, бәрін өлтіремін деп қорқытатын. Кейін өзіне де бірдеңе жасаймын дейтін. Бала болғандықтан оған сеніп, қатты қорықтым. Сондықтан ұзақ уақыт үндемедім. Әжем қайтыс болғаннан кейін Алматыға көштік. Қазір 23 жастамын және мұны арқалап өмір сүру өте қиын», – дейді Элеонора.

Қыздың айтуынша, бірнеше жыл бұрын тергеу жүргізуге дәлел жеткіліксіз болған. Ал қазір қажет сараптаманың бір бөлігін аяқтап, тергеу әрекеттеріне қатысып жатыр.

Бұған дейін Алматы облысында жасөспірім қыз өзін 8 жігіт зорлағанын айтып берді. Олар қорқыту және бопсалау арқылы оны түнде үйден шығуға мәжбүрлеп, заңсыз әрекеттер жасап келген