
Ресейлік «Max» мессенджері App Store-дан жоғалып кетті. Бұл жайлы платформаның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір компания Apple-ға сауал жіберіп, ондай шешім қабылдауға не түрткі болғанын анықтамақшы. Әзірге қосымшаны неге өшріріп тастағаны белгісіз. Ал бұған дейін телефонға жүктелген қосымшалар қалыпты режимде жұмыс істей береді.
App Store-дан өшіргенмен Google Play, Samsung Store дүкендерінде қолжетімді.
Бұған дейін сәуірдің соңында ірі хостинг-провайдер Cloudflare мессенджерді «тыңшылық бағдарлама» деп бағалаған. Бірақ ресейлік компания қолданушылардың деректері қорғалған, жеке қауіпсіздік орталығы бар деп түсіндіргеннен кейін, «тыңшылық бағдарлама» деген белгіні алып тастады.
«Мах» – ресейлік VK компаниясы ұсынған мессенджер. Көпшілігі оның бағдарламасындағы кемшіліктер, агрессивті жарнамасы және Кремльге тым жақын болғаны үшін сынға алады. Мемлекеттік Дума депутаттарының сөзінше, осы мессенджер арқылы Ресей WhatsApp-ты мессенджерін нарықтан шығарып тастауы мүмкін.