
2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының (ӘЧ-2026) барлық матчын отандық Qazaqstan және Qazsport телеканалдары тікелей эфирде көрсетеді.
Дүбірлі дода биыл 12 маусымда басталып, финалдық кездесу 20 шілдеге жоспарланған.
Теледидардан бөлек, жанкүйерлер ойындарды интернет арқылы да еш кедергісіз тамашалай алады. Трансляциялар qazaqstan.tv және qazsporttv.kz ресми сайттарында көрсетіледі.
Турнирдің шымылдығын ашатын алғашқы кездесу Қазақстан уақытымен 12 маусымға қараған түні сағат 00:00-де басталады. Ашылу матчында чемпионатты ұйымдастырушы елдердің бірі Мексика құрамасы Оңтүстік Африка (ОАР) командасын қабылдайды.











Еске сала кетейік, Әлем чемпионаты алдында Мексикада мұғалімдер ереуілге шыққан еді.