Жаңалықтар

Михаил Шайдоров жас спортшыларға 6 млн теңге сыйлады

фото: threads

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше қайырымдылық акциясын өткізді. Спортшы Алматы қаласындағы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне спорттық құрал-жабдықтар сатып алуға арналған жалпы құны 6 млн теңгені құрайтын сертификаттар табыс етті. «Спорт Шрёдингера» басылымының мәліметінше, бұл көмек аясында 30 жас спортшының әрқайсысына 200 мың теңгенің сертификаты берілген.

Михаил Шайдоров жас буынға қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.

«Қолдау білдірген баршаңызға рақмет! Балаларға қуаныш сыйлап, өз күштеріне деген сенімін арттыра алғаныма өте қуаныштымын», – деп жазды Шайдоров.

View on Threads

Еске сала кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоров ақпан айынан бері айлық алмағанын айтқан еді. Артынша Туризм және спорт министрлігі мәлімдеме жасап, жаңа келісімшарт ұсынды.