Жаңалықтар

Air Astana Дубайға қайта ұша бастайды

Дубай
Фото: unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстерін қайта бастайды. Компанияның мәліметінше, Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша рейстер 20 маусымнан, ал Астана – Дубай – Астана бағыты 10 шілдеден басталады.

Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша рейстер кестесі:

  • 15–21 маусым аралығында: аптасына 2 рейс (сенбі және жексенбі күндері);
  • 22–28 маусым аралығында: аптасына 4 рейс (бейсенбіден жексенбіге дейін);
  • 29 маусым – 5 шілде аралығында: аптасына 6 рейс (сейсенбіден басқа күндері күн сайын);
  • 6–12 шілде аралығында: аптасына 7 рейс (күн сайын).

Астана – Дубай – Астана бағыты бойынша рейстер кестесі:

  • 10–19 шілде аралығында: аптасына 3 рейс (жұмадан жексенбіге дейін);
  • 20–26 шілде аралығында: аптасына 4 рейс (сейсенбі және жұмадан жексенбіге дейін);
  • 27 шілде – 2 тамыз аралығында: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбіден басқа күндері күн сайын);
  • 3–9 тамыз аралығында: аптасына 7 рейс (күн сайын).

Билеттері 31 шілдеге дейінгі күндерге қайта брондалған жолаушылар ұшу күнін тегін өзгерте алады. Маршруттардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ұшақтар Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Пәкістан арқылы ұшатын болады.

Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан Air Astana мен оның еншілес FlyArystan компаниясы Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерін ұзақ уақытқа тоқтатқан. Соңғы рет Дубайға тұрақты рейстерді тоқтата тұру мерзімі 31 мамырға дейін ұзартылған еді.