
Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық сында Францияның ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Әйелдер арасындағы жұптық турнирдің жартылай финалында Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жапон-тайваньдық Сюко Аояма/Лян Энь-Шо тандемін сенімді түрде жеңді.
Тартысты бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылып, қазақстандық-сербиялық дуэттің екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 7:5, 6:2.
«Үлкен дулыға» турнирінің беделді кубогы үшін өтетін шешуші матчта Данилина мен Крунич жарыстың басты фавориттері – чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы ойнайды.
«Ролан Гаррос» финалы 7 маусымда өтеді.
Айта кетейік, осыған дейін Данилина Астанада өткен командалық Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғаған еді.