
Ауғанстанда артық шығыннан қашып, 80 жұп бірігіп, жаппай неке қию рәсімін өткізген.
SWN ақпаратына қарағанда, іс-шараның мақсаты – қоғамдағы қымбат әрі қажетсіз үйлену дәстүрлерімен күресу.
Шара ұйымдастырушысы Саид Гүл Ахмад Мотамеди соңғы жылдары Газниде 28 рет жаппай той өткізілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл жолы Газни, Бамиан және Дайкунди өңірлерінен 80 жұп тіркелген.
Жас жұбайлардың айтуынша, олар бастамаға өз еркімен қатысып, қоғамдағы артық шығынды талап ететін дәстүрлерді азайтуды көздеген.
Жаңа тұрмыс құрған Хумайра тойды қарапайым түрде өткізу арқылы отбасына қаржылай қолдау көрсеткісі келгенін айтқан.
Оның пікірінше, мұндай шаралар жастарға көмектесіп, қымбат тойлардың азаюына ықпал етеді.
Ал күйеу жігіт Мехди бірнеше жыл бойы қаржылық қиындықтарға байланысты үйлене алмағанын жеткізді. Ол қазіргі таңда көптеген жастар той шығындарының көптігінен некесін кейінге қалдыруға мәжбүр екенін айтты.
Соңғы төрт жылда Ауғанстанда кедейлік деңгейі өсіп, үйлену тойлары қымбатқа түсетіндіктен жастар жаппай неке қию рәсімдерін таңдауға көшіп жатыр.
Айта кететін жайт, БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті Ауғанстан билігін жаңа жарлық қабылдағаны үшін сынға алды.