Жаңалықтар

Freedom Стэнфордта: үлкен деректер сақтандыру бизнесін қалай өзгертіп жатыр

Фото: Freedom Holding Corp.

Big Data мен машиналық үйрету Freedom Holding Corp. компаниясына жол қозғалысы камераларының деректерін талдау арқылы сақтандыру құнын бағалауға көмектеседі. Жасанды интеллект пен сот шешімдерінің парсингі арқылы тәуліктің қай уақытында жол-көлік оқиғасына кім кінәлі болғанын түсінуге болады. Бұл тәуекелдерді дәл жіктей алмайтын бәсекелестерді ығыстырып, «жақсы» жүргізушілерге 30-40%-ға дейін кэшбэк беруге мүмкіндік туғызады. Бұл туралы Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов Стэнфорд студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

2025 жылдың жазында Стэнфорд бизнес жоғары мектебінде Freedom Holding Corp. цифрлық экожүйесінің кейсі жарық көрді. Онда MBA студенттеріне арналған стратегия, бизнес-модель, басқарушылық шешімдер, сондай-ақ NASDAQ-тағы листинг, IT-өнімдерді іске қосу, ішкі трансформация және цифрлық экожүйе құру туралы оқу материалдары ұсынылды.

Бір жылдан кейін, 26 мамырда Тимур Турлов Стэнфордта Freedom Holding Corp. кейсіне арналған ашық семинарға қатысты. Сабақтың бірінші бөлімінде студенттер профессормен бірге компанияның кейсін талдады, содан кейін пікірталасқа Тимур Турлов қосылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді әрі Freedom экожүйесінің дамуы туралы айтып берді. Кездесу барысында ол әлемдік нарық үшін бірегей цифрландыру көрсеткіштерін бөлісті. Оның ішінде 4 сағат ішінде онлайн-ипотека рәсімдеуден бастап, Freedom Bank-тің небәрі 18 ай ішінде Mastercard төлемдерінің көлемі бойынша Қазақстанда бірінші орынға шығуына дейінгі жетістіктер сөз болды.

Сот шешімдерін талдау мен ЖКО-ның «цифрлық ізі»

Тимур Турловтың айтуынша, компания тиімді сақтандыру моделін құру үшін стандартты банктік үзінді көшірмелер шеңберінен шығатын үлкен жұмыс атқарған.

«Біз әртүрлі сот шешімдеріне ауқымды талдау жасадық: қандай оқиғаларға кім кінәлі болды, бұл қай жерде және тәуліктің қай уақытында болды. (…) дегендей. Деректерді парсингтеу клиенттердің несие тарихымен ұштасқанда, кейде тәуекел құнын әлдеқайда дәлірек болжауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Freedom Holding Corp. CEO-сы.

Оның сөзіне қарағанда, холдинг оқиғалар туралы әкімшілік формалардың ашық деректерін ішкі базалармен біріктіріп, «деректер көлін» (Data Lake) құрған. Бұл тәуекелдерді дәстүрлі сақтандыру компанияларына қарағанда дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

«Тәуекел құны өте қатты ерекшеленеді, осының арқасында біз әр көлік үшін тәуекелдің нақты құны қандай екенін түсіне бастадық. Енді біз жақсы клиентке 30-40%-ға дейін кэшбэк ұсына аламыз, ал тәуекелі жоғары клиенттер үшін құнды көтереміз», – деп түсіндірді Тимур Турлов.

Экожүйенің «тартылыс күші» үшін күрес

Стэнфордтағы Freedom кейсін талқылау барысында профессор Говард Розен студенттеріне бұл жағдайда деректер тек тәуекелдерді бағалау үшін ғана емес, нарықтағы бәсекелестік жағдайында клиенттерді ұстап тұру үшін де маңызды деген ойды айтты.

Оның айтуынша, LTV (клиенттің өмірлік құндылығы), CAC (клиентті тарту құны) және DAU/MAU (күнделікті пайдаланушылардың айлық пайдаланушыларға қатынасы) сияқты метрикалар шешуші рөл атқарады.

Тимур Турлов барлық деректерді SuperApp-қа біріктіру lifestyle сервистерінде клиенттерді ұстап тұруды (retention) бес есе- 5%-дан 25%-ға дейін арттыруға мүмкіндік бергенін растады. Бұл компанияның пайдаланушылар мен олардың отбасылары туралы деректерді бірыңғай жүйеде сақтауының арқасында мүмкін болып отыр, бұл қайтадан KYC (клиентті сәйкестендіру) процедурасынан өтпей-ақ, «бір кликпен» транзакциялар жасауға жағдай жасайды.

«Мен деректер өте құнды екенін түсіндім. Ешкім ештеңе білмейтін нарықтағы трейдингте табысты болу үшін, барлық нәрседе цифрлық болу керек», – деп түйіндеді Тимур Турлов.

Еске сала кетейік, 2026 жылдың ақпанында Freedom Insurance басшысы Азамат Керімбаев «Курсив» басылымына берген сұхбатында елде тіркелген сақтандыру жағдайларының саны қарқынды өсіп жатқанын атап өткен. Оның айтуынша, 2023 жылы шамамен 110 мың ЖКО тіркелсе, 2024 жылы көрсеткіш 137 мыңға дейін өсіп, 2025 жылы 167 мың оқиғаға жеткен. Өсім апаттылық деңгейінің артуынан емес, жүргізушілердің тіпті шағын қақтығыстардың өзін жиі ресми түрде рәсімдей бастауымен байланысты. Сондай-ақ Керімбаев Freedom Insurance белсенді түрде дамытып жатқан Еурохаттама сервисі салалық стандартқа айналғанын баса айтты. ірі қалаларда ЖКО-ның шамамен 35%-ы осы сервис арқылы рәсімделеді, бұл полиция мен сот жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.