Жаңалықтар

Шымкенттік «Ордабасы» сапына еуропалық легионер қосылды

Шымкенттік «Ордабасы» сапына еуропалық легионер қосылды / Фото: Ордабасы

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Норвегия құрамасының бұрынғы ойыншысы, 34 жастағы Бьорн Йонсенмен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Йонсен өз мансабында Еуропа, Азия және Солтүстік Америка клубтарында, соның ішінде Норвегиядағы «Тенсберг» пен «Русенборг», Португалиядағы «Лулетано» мен «Атлетико», Нидерландыдағы «АЗ Алкмар», «АДО Ден Хааг» пен «Камбюр», Оңтүстік Кореядағы «Ульсан Хендай» мен «Сеул», Грузиядағы «Торпедо Кутаиси», сондай-ақ АҚШ, Шотландия және Болгария клубтарында өнер көрсеткен.

2017-2021 жылдар аралығында ол Норвегия құрамасы сапында 16 матч өткізіп, бес гол соқты.

Норвегиялық футболшы «Ордабасы» жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өткен маусымда грузиялық «Торпедо Кутаиси» сапында өнер көрсетіп, УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде шымкенттік клуб қақпасына екі гол соғып, өз командасының келесі кезеңге өтуіне көмектескен болатын.

Йонсен мансабында 381 матч өткізіп, 147 гол соғып, 23 нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан Сәтпаевтың алматылық «Қайрат» сапындағы жаңа клубқа – лондондық «Челсиге» аттанар алдындағы соңғы ойындарын қай уақытта өткізетіні белгілі болған еді.