
АҚШ іздестіріп жатқан Рауль Кастро Гаванадағы іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Reuters. Кейінгі уақытта ол көпшілік алдына жиі шықпайтын болған.
Кубаның бұрынғы жетекшісі Рауль Кастро жұма күні Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған көпшілік шарада бой көрсетті. Ол туралы жергілікті мемлекеттік телеарна хабарлады.
Бір ай бұрын Құрама Штаттар оған кісі өлтіру қылмысы үшін айып таққан. Содан бері 95 жастағы Кастро халық алдына шықпаған. Дональд Трамп әкімшілігі Кастроны 1996 жылы әскери ұшаққа кубалық эмигранттарға тиесілі ұшақты атып түсіруге бұйрық берді деп айтыптады. Вашингтон осы қылмыстық Кубаның коммунистік үкіметіне қысым көрсетудің құралы ретінде пайдаланып жүр.
2026 жылғы 3 маусымда Рауль Кастро 95 жасқа толды. Ол Куба басшылығына 2008 жылғы 24 ақпанда келген. Он жылдан кейін – 2018 жылғы 19 сәуірде жоғары лауазымнан бас тартқан.
Рауль Кубаны 50 жылға жуық уақыт басқарған Фидель Кастроның туған бауыры. Екеуі 1950 жылдардағы революцияны бірге басқарған.