Жаңалықтар

Астанада LRT-ның жабық тұрғын «Жібек жолы» бекеті ашылды

LRT-ның жабық тұрған бекеті ашылды / фото: shutterstock

Астанада LRT-ның «Жібек Жолы» бекеті ашылды. Желі ашылған уақытта дәл осы бөлігі жабық тұрған. Енді ол да алғашқы жолаушыларын қабылдады.

Мәліметтерге қарағанда, әзірге «Жібек Жолы» бекетінің бір ғана шығатын жері бар. Екіншісі кейінірек ашылатынға ұқсайды.

Бекет маңында қазір бір ғана жаңадан салынған ғимарат пен бірнеше жеке үйлер тұр. Болашақта оларды сүріп тастап, орнына жаңа тұрғын үй кешені түседі.

«Жібек Жолында» әзірге адам көп емес. Аудан халқы өскен уақытта мұнда да жолаушылар ағыны пайда болады.

Бұған дейін Kursiv.Media LRT атауы «Тарлан – Астана» деп өзгеретіні туралы жазған. Қалалық мәслихат осы мәселені талқылаған.