Жаңалықтар

Орал қаласындағы мешіт күмбезінен құрылысшы құлады

Орал қаласындағы Орталық мешіт
Оралдағы биік мешіт 23 жыл бұрын салынған / фото: Мүфтият

6 маусымда Орал қаласындағы орталық мешітте оқыс оқиға болды: күмбезді жөндеу кезінде бір құрылысшы 5 метр биіктіктен құлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға сенбі күні Оралдағы Абай даңғылында орналасқан мешітте болған. Діни мекеменің күмбезін жөндеу кезінде бір ер азамат ғимараттың бірінші қабатының шатырына құлап түсті.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шеккен құрылысшыны автосатының көмегімен төменге түсірді. Сол жерде оны жедел жәрдем бригадасы күтіп алды.

ТЖМ жариялаған видеодаға қарағанда, құлаған азамат есін біледі. Оның мойнына Шанц жағасын кигізіп қойған.

Мүфтият мәліметінше, Орал қаласындағы орталық мешіт 2003 жылы салынған. Ғимарат биіктігі – 14,45 метр.