Жаңалықтар

Тазы иттер Италиядағы ірі көрмеге қатысып жатыр

Тазы ит Болоньядағы көрмеге қатысып жатыр
Жеті қазынаның бірі – тазы ит / фото: Қазақстан кинологтар одағы

Осы күндері Италияның Болонья қаласында Дүниежүзілік иттер көрмесі өтіп жатыр. Оған Қазақстаннан 12 тазы қатысып жатыр. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақпарат мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Халықаралық көрмеге қатысатын иттерді Қазақстанның өз ішінде арнайы комиссия іріктеп алған. Дегенмен TOP Dog 2026 әр елден бір ғана ит қатысады. Қазақстан намысын байқауда Дәстүр атты ит қорғайды.

World Dog Show 2026 аясында қазақ тазысына арналған стенд орнатылды. Оны Қазақстан кинологтар одағы дайындады.

Айта кетейік, енді Қазақстанда жыл сайын 3 қыркүйекте «Қазақ тазысы мен төбеті күні» атап өтіледі. Үкімет осындай қаулыны 2026 жылғы 15 сәуірде қабылдаған.

2024 жылы Халықаралық кинологтар федерациясы (FCI) қазақы тазыны ресми түрде алдын ала танылған ит тұқымы деп мойындады.

Ал осы жылы көктемде режиссер Қанат Бейсекеев «Тазы» деректі фильмін жарыққа шығарды.