
8 маусымнан 9 маусымға қараған түні футболдан Нидерланды мен Өзбекстан ұлттық құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойын қос команда үшін де 2026 жылғы әлем чемпионатының алдындағы соңғы және ең маңызды дайындық кезеңі болмақ.
Матч қайда өтеді?
Тартысты бәсеке Нью-Йорк қаласындағы 5 000 көрерменге арналған «Икам» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақытымен 23:45-ке жоспарланған.
Жанкүйерлер ӘЧ-2026 қарсаңындағы бұл маңызды кездесуді тікелей эфирде тамашалай алады: Ойынның трансляциясы сағат 23:45-те Qazsport телеарнасында басталады. Өзбекстанда матч дәл осы уақытта Futbol TV арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасы Канадамен жолдастық кездесу өткізіп, 2-0 есебімен есе жіберген еді. Ал Әлем чемпионатында бауырлас мемлекет Португалия, Колумбия және ДР Конго сияқты алпауыттармен кездеседі.