Жаңалықтар

Арыста мас жүргізуші 4 адамның өмірін қиды

Арыста мас жүргізуші 4 адамның өмірін қиды
Арыста мас жүргізуші 4 адамның өмірін қиды/ фото: ашық дереккөз

Арыс қаласында көлік тізгіндеген 52 жастағы әйел жер үйдің қоршауына соғылып, үйдің алдында отырған бірнеше адамды басып кетті. Оқиға салдарынан 4 адам, оның ішінде екі кішкентай бала қаза тапты. Қайтыс болған әйелдердің бірі жүкті болған.

Тағы екі адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Көлікті рулінде 52 жастағы Бибінұр Қасымова болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, әйел мектепте жұмыс істейді, ал бос уақытында таксист болып жұмыс істейді.

Сараптама қорытындысы анықтағандай, әйел көлікке мас болып отырған. Ол «абайсызда жасалған қылмыс» бабымен ең көбі 10 жылға, ең азы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Алматыда әл-Фараби көшесіндегі 3 адамның өмірін қиған апатқа кінәлі деп танылған Александр Пак та 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.