Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастады

Бибисара Асаубаева лидирует перед тремя заключительными турами норвежского турнира
Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit рейтингінде көш бастады / Фото: FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit 2026–2027 жалпы есебінде бірінші орынға көтерілді. Оған бұл көшбасшылықты беделді Norway Chess Women 2026 турниріндегі жеңіс әкелді.

Жаңартылған рейтингте Асаубаева қытайлық Чжу Цзинь мен үндістандық шахматшы Вайшали Рамешбабуды басып озды. Олар тиісінше екінші және үшінші орындарда тұр.

FIDE Circuit 2026–2027 ашық есебінде көшбасшылықты өзбекстандық гроссмейстер Нодирбек Абдусатторов сақтап отыр. Екінші орында оның отандасы Джавохир Синдаров, үздік үштікті американдық Фабиано Каруана түйіндейді.

FIDE Circuit – үміткерлер турниріне шығудың негізгі квалификациялық жолдарының бірі. Цикл қорытындысы бойынша үздік шахматшылар әлем чемпиондығына таласатын матчқа қатысу құқығын алады.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Norway Chess турнирінің әйелдер арасындағы чемпионы атанған еді.