
NVIDIA компаниясы гуманоидты роботтар шығарып, дата-орталықтар салмақшы. Бұл туралы компания бас директоры Дженсен Хуанг мәлімдеді деп жазады Reuters.
Робот шығару үшін NVIDIA оңтүстік кореялық LG Group компаниясымен серіктес болмақ.
«Біз гуманоидты робототехника мен роботтардың болашағын бір арнаға тоғыстырғымыз келеді. Қазір LG Group-пен қозғалтқыш технологиялары, сондай-ақ механикалық жүйе бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деді Хуанг LG Group төрағасы Ку Куанг Момен өткен кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатында.
Деректер орталығын салуда да LG-мен серіктес болмақшы.
Гуманоидты роботтар – сыртқы пішіні, дене мүшелері тіпті қозғалысына дейін адамға ұқсас болатын антропоморфты машиналар. Оларды тұрмыста да, өндірін орындарында да пайдалануға болады.
Бұған дейін Илон Маск та адам тәрізді роботтар жасамақшы екенін мәлімдемекші. Миллиардер компаниясы келесі жылы роботтарды жаппай сатуға шығаруды жоспарлап отыр.