
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы апатқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 2026 жылдың 8 маусымындағы сот отырысында куәлардан жауап алынып, қайғылы оқиға болған сәттің видеосы көрсетілді.
Ол жерде көліктің қатты жылдамдықпен келіп екінші көлікті соққаны көрсетілген.
Айта кетейік, апат салдыранын 1996 жылы туған Еламан Қайыржанұлы, 2003 жылы туған Құмар Теңелбаева және 2005 жылы туған Томирис Қыдырбек оқиға орнында қайтыс болған. Жәбірленушілер сотталушы Пакқа кешірім беріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрап отыр.
Ал сотқа куә ретінде шақырылғандар Пактың сол күні ішімдік ішкен-ішпегенін нақты айта алмады. Кейбірі бір дастарханда отырғанына қарамастан, Александр Пакты танымайтын көрінеді.
Соның бірі – куә Оразғали Омар. Ол отырысқа дейін Александр Пакты танымайтынын, ортаға досының шақыруымен қосылғанын айтты. Дастархан басында шамамен 5-6 адам болған. Куә өзі ішімдік ішпегенін айтты. Сөзінше, дастарханда ішімдік болмаған.
Айта кетейік, бұған дейін Александр Пак сот залында қайтыс болғандардың отбасынан кешірім сұрады.