Қоғам

Тоқаев Армения премьер-министрін құттықтады

Тоқаев Армения премьер-министрін құттықтады/фото: Серикжан Ковланбаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, 7 маусымда Арменияда кезекті парламент сайлауы өтті. Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысты

Ақорда мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.