Жаңалықтар

Алматы полицейлері оқу-жаттығуда граната жарылғаннан зардап шекті

Алматы полицейлері оқу-жаттығуда граната жарылғаннан зардап шекті / Фото: Shutterstok

Алматы полициясы оқу-жаттығу кезінде қызметкерлердің жаппай жарақат алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Алайда жарылыс кезінде оқиға орнында болған қызметкерлерге медициналық көмек көрсетілгенін жоққа шығармады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқу-жаттығу кезінде гранаталардың жарылуы салдарынан 15-ке жуық полиция қызметкері зардап шегуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Kozachkov offside Telegram-арнасы екі адамның ауыр жарақат алғанын да жазды.

Полиция департаменті бұл деректердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, оқиға жоспарлы оқу-жаттығу кезінде орын алып, онда өлімге әкелмейтін жарық-дыбыстық гранатаның уақытынан бұрын детонациясы болған.

«Оқиға орнына жақын жерде болған бөлімше қызметкерлеріне уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік тексеру жүргізілуде. Жаппай жарылыстар және қызметкерлердің ауыр жағдайы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп хабарлады ПД.

Айта кетейік, осыған дейін 31 наурызда Қостанайда ішімдік ішкен бірнеше жігіт полицейді соққыға жыққан видеосы тараған еді.