Жаңалықтар

Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға тыйым салынды

Трамп Apple компаниясының iPhone смартфондарын АҚШ-та өндіргенін қалайды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қолдануға тыйым салынды / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Тәліптер көшбасшысы Хибатулла Ахундзада топ мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер арасында смартфондарды қолдануға ауызша түрде тыйым салу туралы бұйрық берді, деп жазылған Afghanistan International басылымы жариялаған құжатта.

Құжатта тәртіп бұзушылар қылмыскерлер ретінде сипатталып, олардың әскери сотта жауапқа тартылуы мүмкін екені туралы ескертілген. Әскери соттың лауазымды тұлғалары бұйрықтың толық орындалуын қамтамасыз етіп, оның орындалуына қатысты тәліптер басшылығына кепілдік беруі тиіс.

Сонымен қатар, бақылаудағы әрбір тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қызмет орны және ұялы телефон нөмірі тіркелген арнайы бақылау тізімі құрылды.

Бұйрықты «Талибан» Әділет министрлігі елдің сегіз аймағындағы тәліптердің Жоғарғы сотының әскери бөлімшесі аясында жұмыс істейтін әскери соттардың басшыларына жеткізді. Осы аймақтардағы полиция командирлері мен барлау қызметінің басшылары да директива туралы хабардар етілді.

2025 жылы Хибатулла Ахундзада «Талибан» мүшелерін смартфондарды қолдануды азайтуға шақырған. Өткен аптада «Талибан» үкіметіндегі Білім министрлігі оқушыларға мектептер мен діни семинарияларға телефон алып келуге тыйым салатын директива шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті Ауғанстан билігін жаңа жарлық қабылдағаны үшін сынға алғанын жазған едік. Бұл құжат балалар арасындағы некені заңдастырып, қыз баланың үнсіздігін некеге келісім ретінде қарастырады.