
Астанада екі адам қайтыс болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Оқиға 2026 жылдың қаңтарында болған.
Ер адам Түркістан көшесі жағынан Сарайшық көпірі арқылы Момышұлы көшесіне қарай бара жатқан. Ол жылдамдықты азайтпай, рөлді басқара алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, басқа көлікпен соқтығысқан.
Салдарынан көлікте болған екі жолаушы қайтыс болды.
Прокурор көлік жүргізушісін 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот үкімімен Қ. кінәлі деп танылды. Сот оның жәбірленушілерге келген барлық шығынды толық өтегенін, кешірімін алғанын ескерді. Нәтижесінде ер адам 5 жылға бас бостандығынан және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 2026 жылдың 21 наурызына қараған түні Алматыдағы әл-Фараби даңғылында апат болып, үш адам қаза тапты.